Ең негізгі » Онлайн кеңестері

Біздің кеңестер



Сəлеметсіздерме! Менің ұлымда гидроцефалия жəне дцп диагнозы бар, ұлымды Алматы қаласында Қалқаман 1 перзентханада 2014 ж. 04.05 босанған едім, врачтардың салғырттарынан ұлым мүгедек болып қалды жəне де участкелік врачтар маған мемлекет тарапынан берілетін социалдық көмек жайлы уақытында айтпады, ұлыма ешқандай көмек көрсетпеді, осы уақытқа дейін ұлыма тиісті дəрі - дəрмектерді алмадық, жəне қаншама мемлекеттік мүгедек балаларды оңалту орталықтарына бармадық. 2017 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектік берілді, сол уақытқа дейін өзіміз ақылы түрде емдетіп келдік. Осы мəселе бойынша кімнен көмек сұрасамда дəлелің жоқ дейді. Нұр Отанға өтініш жазған едім болған жайтты баяндап, врачтар көмек көрсететіндерін айтқан еді, алайда бəрі баяғыдай сол күйінде қалды. Осы шиеленіскен мəселе бойынша заңға жүгініп, кінəлі тараптардың ұлымның құқығын таптағандары үшін , ұлыма заңға сай көрсетілетін жəне берілетін көмектерді көрсетпегендері үшін заң алдында жауап беріп, заңды түрде ұлымның ары қарай еміне материалдық өтем ақыны берулерін талап ете аламын ба? Жəне сіздер əділеттілікке қол жеткізуіме көмек көрсете аласыздар ма? Кімге барсамда уақыт өтіп кетті, қолыңда дəлелің жоқ дейді, осылай жүріп арада төрт жыл өтіп кетті, енді кімге баратынымды, кімге сенерімді білмеймін, төрт жыл бойы кішкентай ғана төрт жасар балапанымның құқығын қорғай алмай келемін, біліп тұрсада, дəлел көрсетіп тұрсамда қозғалып, қол ұшын беретін бір адам болмады елімде. ...... соңғы үмітім сіздерде ........ алдын ала рахмет


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым