Ең негізгі » Қордың қызметі » Мигранты » Жарияланымдар » Алматыда мигранттар үшін медициналық көмектің түрлері ұлғаюда

Алматыда мигранттар үшін медициналық көмектің түрлері ұлғаюда

Қазақстандағы мигранттар мәселесі жайында, олардың Алматының қай жеріңде және қандай көмекті ала алатыны туралы  Миграция бойынша Халықаралық Ұйымның бағдарламасының Ұлттық байланыстырушысы  Светлана Бемамбетова айтты.

Мигранттардың медициналық көмекке қол жетімділігін кеңейту жобасы жайында сарапшының пікірі
Орталық Азия аймағында  Қазақстан – мигранттарды қабылдайтын ең үлкен мемлекеттің бірі. Тәуелсіз мәліметтерге сүйенсек, республика аймағында 1 миллион мигранттар реттелмеген санатпен жүр.

Солардың көбісі қауіпті аймақта: Тәджікстан, Өзбекстан, және Қырғызстан азаматтары ҚР еңбек туралы келісімсіз, әлеуметтік құжаттарсыз  жұмыс істеп жатыр. Ал олай болса онда оларда  медициналық көмекке құқығы жоқ екені айқындалады.

Жоба шеңберінде 2012 жылдың соңыңа дейін мигранттар жиналатын бұрыштарға аутрич-дәрігерлер барып, ваучерды қолына тапсырады, сол арқылы адамдар Алматы қаласының емханаларында тегін тексерілістен өте алады.

Қысқаша жоба туралы
USAID Жобасы АҚТҚ мен өкпе ауруына Диалог, бұл жоба Халықаралық Даму бойынша АҚШ Агенттігімен қаржыландырылады (USAID), бұл жоба Орталық Азияда қауіпті аймаққа кірген азаматтар арасында АҚТҚ  мен өкпе ауруымен жұғу қаупін төмендетуге бағытталған. Жоба 2009—2014 жылға дейін Қазақстанда, Тәжікстанда, Түркменияда, және Өзбекстанда іске асырылады. Өйткені осы мемлекеттерде адамдар арасында есірткі қолдану, зинақорлықпен айналысу сияқты іс-әрекеттер жұмысшылар арасында аз емес.

USAID Жобасы  АҚТҚ мен туберкулез туралы Диалог Population Services International (PSI) басқаруымен   Консорциумның серіктестерімен іске асырылады. Консорциумның құрамына  Project HOPE, ЖҚТБ Шығыс-Батыс (AFEW) және Қоғамдық Қор « АҚТМ-мен өмір сүретін Қазақстандық адамдар Одағы» сияқты ұйымдар кіреді. Осы жоба шеңберінде мигранттар арасында АҚТҚ мен  туберкулезбен ауыратын адамдарды анықтау бағытында профилактика  саласында  миграция бойынша  Халықаралық ұйым ОА үш мемлекетінде (Қырғызстан(Бішкек), Қазақстан(Алматы), және Тәжікстан (Куляб қ, Курган-Тюбе қ.) іс жүзіне асырылады.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым