Ең негізгі » Қордың қызметі » Мигранты » Жарияланымдар » Мигранттардың балалары Қазақстанда қалай күн көретіні жайлы айтты

Мигранттардың балалары Қазақстанда қалай күн көретіні жайлы айтты

Суреттер мен ақпараттар, Сорос Қазақстан қорының қолдауымен және «Қазақстан балаларының қоры» ҚҚ-мен іс жүзіне асқан, «Мигранттардың балаларының Қазақстандағы білім алуға қол жетімділігі: күнделікті жағдайдың талдамасы» атты зерттеу жобасынан  алынды. Барлық зерттеуді КӨШІРУ (1,9 Мб, pdf)

Асылдың әңгімесі

2010 ж мен анамен,  екі ағамен және әпкемен Қырғызстан Республикасынан қоныс аударып келдік.

Әскери төңкерістің кезінде, 2010 жылы біздің үйіміз өртеніп қалды, ал әкем болса іс түссіз жоғалып кетті. Біз осы жерге көшіп келгенде, бізде үйіміз болған жоқ. Қай жерде түнесек, сол жер панамызға айналған. Анамыз мектепке жолыққан, алайда оның директоры бізді «қашқындар» деп оқуға алған жоқ.

Балалар бізбен араласқан жоқ

Біз қаланы аралап жүргенде, кездейсоқтықпен Түлкібас ауданына келдік. Аудан әкімшілігінде бізді қабылдаған жоқ. Біз әр түрлі адамдарда өмір сүрдік: сарай, қораларда, қараусыз қалған үйлерде. Амал нешік болды?Даладан қолға не түседі, бәрін жинап-теріп жүрдік. Бізге өте суық болды. Таныстар арқылы ауылдың шетінде біз ешбір жағдайы жоқ, екі бөлмелі сарайды тауып алдық.

Өткен жылы біз қайтадан мектепке бардық, бірақ үмітіміз бір мезетте үзілді. Сіздердің тіркелген құжатыңыз жоқ деп, мектеп директоры анамды қайтадан қуып шықты. Қырғызстанда болған көтерілістен кейін, бізге таныстар Қазақстанда көмектеседі деп кеңес берген. Солай бола тұра, бізге ешқандай көмек көрсетпеді. Менің ағам мен әпкем басында мектепте оқыған жоқ. Уақыт өте келе, кейін мектепке орналасты. Біз мектеп қасынан өткенде, балалар бізді мазақ қылатын, сендер адам емес, қашқындар деген сөздері жүрекке ауыр жара салатын. Енді біз тезірек Шымкентке көшкіміз келеді. Біз қаланың мектебіне барып, жақсы білім алып, қазақ тілін жетік меңгергіміз келеді. Болашақта өз деңгейімізді көтерсек деп армандаймыз. Жылы үйде өмір сүргіміз келеді.

Далада күн жылынғанда, біз сарайда өмір сүрдік, тамақ үшін біреудің бақтарында жұмыс істедік. Бізге ақшаның орнына картоп, пияз, қызанақ беретін. Кімнің бағында көкөніс пен жеміс-жидек жинадық, олар сол көкөністер мен жемістен бөліп, еңбек үшін ақы ретінде беретін.

Біз қараусыз қалған үйлерде тұрдық. Қазір екібөлмелі үй таптық.

Қазір суық, пешті жағу үшін біз қоқыстың ішінен қорап пен басқа заттарды жинаудамыз. Тоңып жүрміз, тіпті үстімізде дені дұрыс киім де жоқ. Менің ағам мен әпкем суық тиіп, сырқаттанып қалды. Дәрілерге ақша жоқ, тамаққа да ақша таба алмай жүрміз. Балалық шақтан біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Қазақстанда біздің өмір өзгереді деп ойлап едік.

Бірақ біз далада өмір сүретін адамдарға айналдық

Сосын біз Түлкібас ауданына көштік. Сонда да біздің өмір өзгермеді. Менің кіші сіңлім, оның жасы 13-те, ол  7-ші сыныпта оқиды. Біз кезекпен киімді киеміз. Мен таңертең оқимын, ал ол түстен кейін оқиды. Біз қоқыстың арасынан өзімізге киімді іздейміз. Біз де аяқ киім де жоқ. Біз аяғымызға целофан пакеттерін орап, сосын қоқыстан табылған жыртық аяқ киімді киетінбіз. Мектепке барғанда, бізге қиын. Мен үлкенімін, және қазақ тілін орташа білемін. Ал менен кішілері онша білмейді. Анамыз Қырғызстанда мұғалім болып жұмыс істейтін, сондықтан үй жұмысын жасауға бізге көмектемседі.

Мұғалімдер біздерді бомждар деп, абыройымызды төгеді

Мектепте бізбен ешкім араласпайды. Біздерге көз қиығын да жүргізбейді. Тіпті біз жоқ сияқты кейіпте жүреді. Балалар  бізді мектепте мазақтайды. Ал мұғалімдер болса бізге бір қолдау көрсетпейді. Және де бізге көмектесуге ешқандай іс шара да қолдануға асығар емес.

Айжамалдың әңгімесі

Айжамал Қазақстанға Қырғызстанның Ош облысынан жұмыс жасау үшін 2006 ж. көшіп келді. Оның ата- анасы тірі болғанша, оның 13 пен  8 жастағы екі ұлы ата- анасының қолында өсті. Қазақстанға қоныс аударғаннан бастап жанұя екіге бөлініп, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының екі түрлі ауылдарыңда өмір сүріп жұмыс істеді.

Тапқан ақшаны күйеуі ішімдікке жұмсап, үйде айқай- жанжал бастайтын. Осындай тағы бір жанжалдың кезінде күйеуі Айжамалдың барлық құжаттарың өртеп жіберді. Қазіргі таңда күйеуі бірге тұрмайды, белгісіз жерге кетіп қалды. Үлкен ұлы 7-ші сыныпта, ал кішісі  2-ші сыныпта оқу керек.

Бірақ балалар мектепке бармайды

14-жасар үлкен және ірі Иманберді,  10—11 жастағы оқушылармен бір партаға отырғысы келмейді. Анасы балалардың жанын бағу үшін жұмыста болғанда, ол өзінен кіші інісіне қарап, шаруашылыққа қарайды. Ал анасы болса, білім алуға баласын итермелемейді.

Өз құжаттарың қайта жасап, және балаларыңа құжаттарды жасауға әйел кісі ешқандай күшін сіңірмей жүр. Ол керісінше, тәртібі ана мәртебесіне сай емес күн кешуде, ішеді, соның кесірінен жұмыс орнын жиі ауыстырады. Олай болса, ешбір ауылда, не шаруа қожайлығында ұзақ уақытқа қалмайтыны сөзсіз.

Онымен бірге балалар бір орыннан екінші орынға көшіп қонып жүр

Кәмелетке толмаған балалар білімді алуды қаншалықты қажет екенін түсінбейді, ал аналары болса солар сияқты ол жайлы ойланбайды.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым