Ең негізгі » Қордың қызметі » Мигранты » Жарияланымдар » Алматыда мигранттар арасында ЖҚТБ мен күресу күні аталып өтті

Алматыда мигранттар арасында ЖҚТБ мен күресу күні аталып өтті

4 желтоқсанда 2012 ж. Дүниежүзілік ЖҚТБмен күресу күніне арналған АҚТҚ мен туберкулез бойынша Диалог ЮСАИД жобасы Халықаралық Даму бойынша АҚШ Агентігі қаржыландырып, ұйымдастырып, қоғамдық іс шараны өткізді. Іс шаралар тығыз байланыста ЖҚТБ мен күресу Орталығымен, және басқа да үкіметтік , халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың серіктестерімен, «Амансаулық» ҚҚмен және басқа да жергілікті ҮЕҰмен қатысуымен өткізілді.

ЖҚТБмен күресу дүниежүзілік күні әр жыл сайын желтоқсанда бүкіл әлемнің адамдары үшін ЖҚТБ мен АҚТҚ жайлы сұрақтарыңда көбірек ақпаратты тарату үшін және халықаралық демонстрация өткізуде барлығы да бұл қандай қауіпті дерт екенін ұғындыру мақсатында өткізіледі.

Бұл күн үкіметтік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарға және олардың серіктестеріңе халық үшін ЖҚТБ  дертінің бүгінгі таңда қаншалықты тарағаны жайлы, және оларды бұл дертпен күресуге тек қана жоғары көрсеткішке жеткен мемлекеттерде ғана емес, бүкіл әлемде болғанына күресуге ақпарат тарату мүмкіндігін тудрады.

Ең негізгі ұран

2012 жылы Дүниежүзілік ЖҚТБмен күресу күнінде – «Мақсаттың бағыты «нөл»: жаңа жұқтыру нөл. Кемсітушілік нөл. ЖҚТБға байланысты өлімге жету көрсеткішін нөлге теңестіру. ЖҚТБның салдарынан өлімге жету көрсеткішін нөлге теңестіру деген кампания бағытының сиқыры, барлығы үшін емделуге деген маңыздылықтың құнын ашады, және үкіметті белгілі бір іс әрекетке итермелейді.

ЖҚТБмен күресу Республикалық орталығының мәліметтері бойынша, Қазақстанда 19 183 адам АҚТҚмен өмір сүреді, ал кейбір сарапшылардың ойы бойынша бұл сан одан да жоғары.

Қазақстан Республикасындағы АҚТҚның ең негізгі жұғу әдісі ол есірткіні қабылдау кезде бір инені қолдану болып табылады, ол АҚТҚ індетінің 61,8%   құрайды. Ал жыныстық қарым қатынас арқылы берілу 30.6% құрайды. Сонымен қатар Қазақстан жақын орналасқан мемлекеттерден мигранттарды шексіз қабылдауымен өте танымал. Бұл мигранттардың көбісінің құжаттары да жоқ, сондықтан келген мемлекеттегі медициналық қызметтермен қолдана алмайды. Соның салдарынан бұл топ мигранттар АҚТҚ індетімен өте жоғары  жұғу қаупінде жүр.

Қауіпті төмендету үшін Алматыда еңбектеніп жүрген мигранттар үшін АҚТҚ профилактикасының шеңберінде ақпараттық түсіндіру кампаниясы жұмыс істейді. Ақцияның барысында, қызметкер мигранттар ақпараттық білім мәліметтері арқылы келген мемлекетте  болып жатқан қызметтер жайлы, және АҚТҚ мен туберкулез Диалогы  USAID жобасының шеңберіндегі қызметтер туралы өз білімдерің толықтырды.  Осыдан басқа күн тәртібіне ауру қалай берілетіні жайлы және АҚТҚ профилактикасының әдісі туралы сауалнаманы жүргізу енді.

Алматылық театр колледжнің студенттерімен сахналық көрініс ұйымдастырылды.

АҚТҚ мен туберкулез бойынша Диалог USAID  жобасы ең осал топтар үшін АҚТҚ мен туберкулезге профилактика  бойынша техникалық көмекті,  тренинг өткізу және сапалы емге қолжетімділікті кеңейту сияқты қызметтерді көрсетеді. Бағдарлама үкіметтік емес ұйымдардың консорциуммен,  Population Services International және  HOPE жобасы, ЖҚТБ Шығыс-Батыс Қоры және АҚТҚмен өмір сүретін Қазақстандық Адамдар Одағымен  өткізілді.

АҚТҚ мен ЖҚТБ бойынша Диалог  ЮСАИД жобасы — бұл Америка халқының  Бірріккен Штаттардың Агенттігі арқылы Халықаралық даму бойынша көп жобалардың арасында осы да жоба қаржыландырылады.  1992 жылдан бастап, америкалық халық ЮСАИД арқылы 500 миллионды демократиялық институттарды, әлеуметтік секторды және Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне бағыттады.


Қордың қызметі


вопросы и пожелания

Жаңалықтарға жазылым